Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«Математикалық регата»республикалық олимпиадасының қорытындысы

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 26-27 наурызында Өскемен қаласында «Математикалық регата»республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің әр өңіріннен 22 команда қатысты. Павлодар облысының команда құрамында Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің № 18 ЖОББМ мұғалімі Раисов Мади Советович, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Қазы ЖОББМ» мұғалімі Абсолямов Аскар Владимирович, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Егіндібұлақ ЖОББМ» мұғалімі Шаймардан Ержан, «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының мұғалімі Сейдуәлі Дарын Жұмабекұлы

қатысты.

Педагогтер математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмаларын орындады.

Олимпиада қорытындылары бойынша Павлодар облысының командасы жоғары кәсіби шеберлігі үшін грамоталармен марапатталды.

28.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь