Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар

2024 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласы № 6 мектепке дейінгі гимназиясының базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Қазақ ұлттық ойындары - мектепке дейінгі жастағы балаларды тұтастай тәрбиелеу құралы» тақырыбында шығармашылық шеберхана өткізді.

Семинар барысында қатысушылар ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тамашалады, шығармашылық шеберханада белсенді жұмыс істеді, № 6 мектепке дейінгі гимназияның педагогтері баланы мәдени мұраға, ұлттық ойындарға, қазақ халқының өнеріне баулуда ойын технологияларын қолдану бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.

Нәтижелі жұмыс аяқталғаннан кейін педагогтер өз әсерлерімен, кәсіби тәжірибелерімен және бақылауларымен белсенді бөлісті. Мәселелерді талқылау шығармашылық шеберхананың барлық қатысушыларының қызығушылығын тудырды.

29.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь