Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

Іздеу және шешімдер мектебі


Білім саласындағы өзгерістердің білікті көшбасшыларын жан-жақты және сапалы дайындауға қолайлы жағдай жасау мақсатында ағымдағы жылдың 26-29 наурыз аралығында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Кадрлық резерв мектебін ұйымдастырды.

Кадрлық резерв мектебінің қорытынды күнінде командалық жобалармен қатар «АМАНАТ» партиясы Павлодар қалалық филиалының жауапты хатшысы Айгүл Қайыртасқызы Маликовамен фасилитативтік кездесу өтті.

Іскерлік әңгіме барысында спикер кадрлық резервке қатысушылармен білім саласындағы оң өзгерістер туралы өз көзқарасымен бөлісті. Облыстың білім беру жүйесінде басшы ретінде үлкен тәжірибесі бар Айгүл Қайыртасқызы топ құрудағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, тәжірибелік дағдыларды ашып көрсетті.

Педагогикалық шеберхананың интерактивті сабақтары Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Самал Оспанқызы Айтқазинаның шеберлік сағатымен жалғасты. Болашақ мектеп директорларын кәсіби даярлауда Самал Оспанқызы нормативтік-құқықтық базамен жұмыс істеу құралдарына ерекше көңіл бөлді.

Бұдан әрі болашақ басшылар  «Бастамам бар! Жақтастар қажет!» квест-ойынына белсене қатысты.

29.03
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь