2024 жылдың 18 желтоқсан күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың оңтайлы дамуы және қоғамда табысты интеграциялануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында облыс педагогтері үшін «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың жаңа моделі жағдайында түзету-тәрбие үдерісін қалай жақсартуға болады» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинарға 200-ден астам бастауыш және мектепке дейінгі білім беру педагогтері қатысты.
Семинар барысында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда «Арт-терапияның» инновациялық әдістерін, балаларға арналған «Нейрожаттығулар» коррекциялық технологиясын қолдану мәселелері талқыланды.
Баяндамашылар «МАКАТОН» жүйесін, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды қолдану тәжірибесімен таныстырды.
Семинар қатысушыларына практикалық қызметте қолдану бойынша ұсыныстар берілді.