Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «943-елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 19 желтоқсанда «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинарға 100-ден астам мақсатты мектеп педагогтері қатысты.
Спикер педагогтерді білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, мәселені анықтау, тақырыпты тұжырымдау, мақсат- міндеттерді қою кезіндегі жұмыс кезеңдері туралы таныстырды. Спикер білім алушыларды іздестіру жұмыстарына, тәжірибелік немесе теориялық зерттеулерге қатысуда және жүргізілген жұмыстарға рефлексия жасау маңыздылығын атап өтті, қатысушылардың назарын зерттеу қызметінің сапалы нәтижесін алу үшін іс-әрекеттердің нақты анықталған реттілігіне аударды.
Вебинарға қатысушыларға ұсыныстар берілді