2024 жылғы 25 желтоқсанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы музыка және көркем еңбек педагогтері үшін «Оқу процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері» тақырыбында әдістемелік шеберхана ұйымдастырды. Аталған іс-шараға облыстың 300-ден астам педагогтері қатысты.
Спикерлер оқу процесінде заманауи цифрлық құралдар мен мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар шығармашылық тапсырмаларды пайдалану, жасанды интеллект көмегімен заманауи эскиздер мен жобаларды жасау мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар соңында қатысушыларға ұсыныстар берілді.