Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«Қысқы мектеп» әдістемелік шеберханасы

2025 жылғы 05 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында облыс педагогтері үшін «Сабақ мазмұны – оқу мақсаттарын жүзеге асырудың негізі» тақырыбында «Қысқы мектеп» ұйымдастырды. Әдістемелік шеберханалар бастауыш мектеп, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, география, физика,  химия, биология және тарих пәндері бойынша өткізілді. Аталған шараға   900-ден  астам педагог қатысты.

         Әдістемелік шеберхана сабақты тиімді жоспарлауда тәжірибелік дағдыларды дамытуға, оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және оқу мақсаттарына жету үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған.

            Педагогтер білім беру стандарттарына сай ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың сыни ойлауын, шығармашылығын және дербестігін дамытуға ықпал ететін сабақ мазмұнын құрудың заманауи тәсілдерімен танысты.

            Шеберхана білім беру стандартының жаңа талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін көтеруге, әдістемелік тәсілдерді жетілдіруге және оқу қызметін дамытуға ұмтылатын барлық педагогтерге пайдалы болды.

Соңында әдістемелік шеберханаға қатысушылар тақырыптың өзектілігін, педагогтердің дайындығының жоғары деңгейін, тәжірибеге бағытталған көзқарасты атап өтті.

05.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь