Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2025 жылғы 16 қаңтарда үздік педагогтердің тәжірибесін тарату шеңберінде «Оқу сауаттылығын қалыптастырудың ерекшелігі» вебинарын ұйымдастырды. Вебинарға ШЖМ және нысаналы мектептердің 80-нен астам орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Павлодар қаласының №3 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог» атағының иегері М.В. Валова қатысушыларға оқу қызметін қалыптастырудың тиімді технологияларын ұсынды.
Вебинарда оқу сауаттылығын дамытудың белсенді стратегиялары мен әдістері, мәтінмен жұмыс жасауға арналған тапсырмалардың ерекшеліктері қарастырылды.