2025 жылдың 22 қаңтарында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстың тарих және құқық пәні мұғалімдеріне Қауымдастық жоспарына сәйкес «Тарих және құқық негіздерін оқытуда нейрондық желілерді пайдалану: теориядан практикаға» тақырыбындағы шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Іс-шара онлайн форматта zoom платформасында өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар нейрондық желілердің негізгі принциптерімен, оларды оқу үрдісіне тиімді пайдалану жолдарымен танысты, сондай-ақ оқу материалдарын жасау, білімді бағалауды автоматтандыру, интерактивті тапсырмаларды әзірлеу үшін нейрондық желілік технологияларды қолдану бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Шеберлік сабақ нәтижесінде инновациялық цифрлық әдістер мен технологияларды меңгергісі келетін педагогтерге практикалық ұсыныстар берілді.