Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2025 жылғы 22 қаңтарда облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің педагогтері үшін «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында семинар өткізді. Жұмысқа 100 педагог қатысты.
Спикерлер орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен тәсілдерін, сабақтарды түрлендіруге мүмкіндік беретін шығармашылық тапсырмалар, функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде тұтас емес мәтіндермен жұмыс туралы баяндады.
Педагогтер тұтас дүниетанымды қалыптастырудың пәнаралық тәсілдерін, білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалануды, функционалдық сауаттылықты дамытудағы жобалық қызметтің маңыздылығын талқылады.
Семинар қатысушыларына ұсынымдар берілді.