Меню KDT
Дс-Жм 9.00-18.00
Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22а
pavlinnocentre@mail.ru,icropvl@mail.kz

Новости

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» республикалық кезеңнің қорытындысы

2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РОСО РМҚК «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VII Республикалық кезені өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты: жас  педагогтердің әлеуметтік статусы мен шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың инновациялық қызметін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыруға жағдай жасау. 

Конкурстың бірінші кезеңінде «Балдәурен» базасында педагогтер 5-9  сыныптарда ашық сабақтар көрсетті.   

Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастауы» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды.

Конкурстың үшінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбындағы эсселерін бағалады.

 

КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

IІI ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ: Ахылбек Нұрсұлтан, «Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі.

НОМИНАЦИЯ:

 «ЗАМАНАУИ ҰСТАЗ»  Ауталипов Нияз Ерболович «Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» КММ  тарих пәнінің мұғалімі

«ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» Алимова Мавжуда Анарбайқызы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің, «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі.

 

Құттықтаймыз!

18.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь